Дүйсенбi | 14 қаңтар, 2019 ж.

Жаңалықтар

Жаңалықтар

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

«Парасаттылық және академиялық адалдық» тақырыбындағы бірыңғай сағаты

14.05.2019

«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде «Парасаттылық және академиялық адалдық» тақырыбынды 350 оқушымен бірыңғай сағат өткізілді. Онда «Адалдық адам бойындағы қасиет» тақырыбында баяндама оқылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары қаралды.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

"WorldSkills - 2019"

25.04.2019

"WorldSkills-2019" облыстық чемпионатында колледжіміздің студенттері Асилтай Ильяс пен Әбітай Ермахан "Мобильді робототехника" құзыреттілігі бойынша I-орынды жеңіп алды. "Web design" құзыреттілігі бойынша Ергешбаев Ғиёсжон III-орынға тұрақтады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды. "Мобильді робототехника" құзыреттілігі бойынша колледжіміздің командасы күзде Республикалық чемпионатта бағын сынайды.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

"WorldSkills" чемпионаты басталды

22.04.2019

Есім хан алаңында техникалық және кәсіптік оқу орындарының арасында ұйымдастырылатын "Worldskills-2019" облыстық сайысының ашылу салтанаты өкізілді. Биылғы жылы облыстық байқауға 35 колледжден түрлі жұмысшы манандықтары бойынша командалар қатысады. "Worldskills-2019" ашылуына орай облыстағы колледждердің қатысуымен көрме ұйымдастырылды. Көрмеде оқу орындарының жетістіктері, практикалық дәрістерде дайындалған бұйымдары, қолданылатын өзық технологиялары көпшілікке ұсынылды. Көрмеде "Түркістан Ахмет Ясауи" кәсіби колледжі "Робототехника", "Тағам өнімдері", "Ветеринария", "Киім дизайны" құзыреттіліктері бойынша қатысты.

Жаңалық Жаңалық

«Жаны саудың – тәні сау» тақырыбындағы баскетболдан топаралық жарыс

19.03.2019

Колледж оқушыларының спортқа деген ынтасын арттыру мақсатында «Жаны саудың – тәні сау» атты баскетболдан топаралық жарыс ұйымдастырылды. Жарыс өте қызықты және тартысты өтіп жеңімпаздар марапатталды.

Жаңалық

Колледж аралық воллейбол жарысы

15.03.2019

Түркістан жоғары медицина колледжінің ұйымдастыруымен өткен Түркістан және Кентау қалаларының колледж студенттері арасында волейбол жарысынан «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің құрамасы І орынға ие болды.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

Power Point 2013 бағдарламасы арқылы презентация жасау

13.03.2019

Информатика пәнінің оқытушысы Орынбасарова Ардақ ТКТ-0918 тобына "Power Point 2013 бағдарламасы арқылы презентация жасау" тақырыбында онлайн сабақ өтті. Сабақ барысында Net Control 2 бағдарламасы мен IQ board интерактивті тақтаны, компьютерлік технология әдісін қолдана отырып өз деңгейінде өтті. TrueConf бағдарламасымен онлайн түрде 16 колледж қатысып, чатта өз пікірлерімен бөлісті.

Жаңалық

Өмірбек Тұрарды жеңісімен құттықтаймыз! Өнерің өрге жүзсін!

02.03.2019

Түркістан қаласының сазды-драма театрының негізін қалаушысы – Р.Н.Сейтметовтің туылған күніне орай 2 наурыз күні өткізілген «Р.Н.Сейтметов атындағы өнерлі жастар арасындағы VIII қалалық көркем сөз оқу шеберлерінің байқауына» ЕТБ-0918-1 тобының оқушысы Өмірбек Тұрар қатысып, ІІІ жүлделі орынға ие болды.
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Меруерт Утегенова

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

«Ясауи» мұражайына саяхат

28.02.2019

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына орай «Экономика және құқықтану» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің «Жарқын болашақ – білім әлемінде» атты айлық іс-шарасы аясында арнайы пән оқытушысы Г.Қалдыкөзова колледж студенттерімен бірге Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Ясауи» мұражайына саяхат жасады.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

Тәрбие басы-тал бесік

27.02.2019

"Жарқын болашақ-білім әлемінде" атты айлық іс-шарада "Тәрбие басы-тал бесік" тақырыбында "Есеп және аудит" мамандығының ІІ курс студенттерімен ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Жаңалық Жаңалық

"Буxгалтерлер" клубының іс-шарасы

27.02.2019

"Есеп және аудит" мамандығының 2-3 курс студенттері арасында арнайы пән оқытушылары Ә.Қарлығаш пен Ж.Нишанбекованың ұйымдастыруымен "Буxгалтерлер клубы" сайысы қызықты да тартысты өтті.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

«Дене мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында семинар сабақ өткізілді

26.02.2019

«Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1-курс студенттеріне Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Дене шынықтыру және спорт» факультетінің педагогика мамандығының доценті, ХҚТУ профессоры Әбдиллаев Әбдіқалық Көшербайұлы «Дене мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында семинар сабақ өткізді.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

«Дизайн және этнодизайн» тақырыбында семинар сабақ өткізілді

25.02.2019

«Дизайн» мамандығының студенттеріне Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Өнер» факультеті «Бейнелеу өнері» кафедрасының аға оқытушысы Нұрланова Ұлмира «Дизайн және этнодизайн» тақырыбында семинар сабақ өткізді.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

«Салауатты ұлт – салауатты ұрпақ» атты волейболдан топаралық жарыс

22.02.2019

2019 жыл «Жастар жылы» болып жариялануына байланысты колледж оқушыларының спортқа деген ынтасын арттыру мақсатында «Салауатты ұлт – салауатты ұрпақ» атты волейболдан топаралық жарысқа 29 топ қатысып, жеңімпаздар марапатталды.

Жаңалық

«Адвокаттық қызмет» тақырыбында семинар

19.02.2019

«Құқықтану» мамандығының 2-3-курс студенттеріне Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Құқықтану» факультетінің аға оқытушысы, адвокат Көшербаева Гүлшат Нұрлыбекқызы «Адвокаттық қызмет» тақырыбында семинар өткізді.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

«Белоктардың адам организміндегі маңызы» тақырыбындағы семинар

19.02.2019

2019 жылы ақпан айының 19-жұлдызында «Ветеринария» мамандығының 2-курс студенттеріне Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Стоматология» факультетінің химия ғылымдарының кандидаты, доцент Мамырбекова Айжан Көмекбаевна «Белоктардың адам организміндегі маңызы және амин қышқылдарының құрылысы мен химиялық қасиеттері» тақырыбында дәріс өткізді.

Жаңалық

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес"

08.02.2019

"Жарқын болашақ-білім әлемінде" атты айлық іс-шарада "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес" тақырыбында "Есеп және аудит" мамандығының І курс студенттерімен ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Жаңалық

«Ішкі істер органы, криминология» бөліміне саяхат жасау сәті

07.02.2019

«Құқықтану» мамандығының ЗҚТ-1118 тобының 1-курс студенттері «Жарқын болашақ – білім әлемінде» тақырыбындағы айлық іс-шара жоспарына сәйкес «Ішкі істер органы, криминология» бөліміне саяхат жасау сәті.

Жаңалық

Тарихи сананы жаңғырту

06.02.2019

"Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде атқарылып жатқан іс-шаралар аясында "Гуманитарлық" бөлімшесіне қарасты ЭЕА-0917 тобының студенттері "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейіне саяхат жасады.

Жаңалық

«Ғылыми зерттеу әдістері» тақырыбындағы семинар

05.02.2019

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Мемлекеттік басқару және экономика жоғары мектебінің бағдарлама жетекшісі, PhD С.Т. Баймағанбетов колледждің жас оқытушылары мен студенттеріне «Ғылыми зерттеу әдістері» тақырыбы бойынша семинар өтті.

Жаңалық

Облыстық семинар

04.02.2019

«Құзыреттіліктерге бағытталған модульдік тәсілдеме негізінде жасалған білім бағдарламасына Worldskills чемпионатының критерийлерін кіріктіріп оқу үдерісін ұйымдастыру» тақырыбындағы облыстық семинарға колледждің арнайы пән оқытушылары: Жұлдыз Сулейменова, Ерболат Мейрамбеков және ТКТ-1116 тобының студенті Насиба Абдуллаева қатысты.

Жаңалық

Жеңістеріңізбен құттықтаймыз!

30.01.2019

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын қолдау мақсатында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушы-профессорлар мен қызметкерлері арасындағы факультетаралық спартакиадасында «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің командасы үздік ойын көрсетіп, жалпы командалық есепте І орынға ие болды. Құттықтаймыз!

Жаңалық

Әсерлі кездесу

15.01.2019

Колледжде Манап Көкеновтың 90 жылдығына орай «Сүлейлердің соңғы тұяғы» атты еске алу кеші өткізілді. Салтанатты кешке ақынның ұлы, ҚР мәдениет қайраткері, ақын, композитор Манапов Әбдікерім мен ҚР мәдениет қайраткері, әнші Сауранбек Елеуов қатысты.

Жаңалық

«Ата кәсіпті дамыту – ауқымды міндет»

12.01.2019

Колледжде «Ата кәсіпті дамыту – ауқымды міндет» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өткізілді. Семинарға арнайы шақырылған «Бөрте Милка» ЖШС-нің ветеринар дәрігерлері колледждегі «Ветеринария» мамандығының студенттеріне малдың ішкі ауруларын заманауи технологиялармен анықтау әдістерімен таныстырды. Сонымен қатар, колледж зертханасында ірі қараны колдан ұрықтандыру тәжірибелік сабағын өткізді.