Дүйсенбi | 14 қаңтар, 2019 ж.

Колледж тарихы

Колледж тарихы

Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің филиалы ретінде 2006 жылы ашылды. Аталған оқу орны ХҚТУ-нің 2001 жылы құрылған «Түркістан» колледжі филиалының және 2006 жылы құрылған «Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжі» мекемесінің қызметтерін құқықтық иеленуші (жалғастырушы) болып саналады. 2012 жылы колледждің ережесіне университет Сенаты шешімімен өзгерістер енгізіліп, университет президентінің бұйрығы негізінде аталған соңғы екі заңды тұлғаны жабу туралы шешім қабылданды және 2013 жылы олар заңды түрде жабылды.

  • «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі университеттің №0137408 сериясы АБ мемлекеттік лицензиясына алынған қосымшалар негізінде техникалық және кәсіптік білім берудің келесі мамандықтары бойынша мамандар дайындайды:
  • 0103000 - «Дене тәрбиесі және спорт»
  • 0201000 - «Құқықтану»
  • 0402000 - «Дизайн»
  • 0518000 - «Есеп және аудит»
  • 1226000 - «Тамақтандыру кәсіпорындарындағы өнім өндірісінің технологиясы және оны ұйымдастыру»
  • 1304000 - «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру»
  • 1513000 - «Ветеринария»
  • 1226052 - Жартылай дайындалған тағам өнімдерін даярлаушы
  • 1304012 - Электрондық есептеу машиналарының операторы
  • 1513012 - Мал шаруашылығын ветеринарлық өңдеуші оператор

Колледж Тәуке хан даңғылы №280 мекен-жайында орналасқан университеттің №7 оқу ғимаратын пайдаланады. Мұнан басқа: университетке қарасты Ботаникалық бау, Виварий, Орталық ғылыми кітапхана және университеттің басқа да инфрақұрылым нысандарын колледж студенттерінің пайдалануына мүмкіндіктер жасалған. Оқу процесін жетілдіру мақсатында жаңа үлгідегі компьютерлер және интерактивті тақталармен жабдықталған сыныптар, «Тігін технологиясы», «Компьютер жөндеу» шеберханалары бар және қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнан басқа: «Химия», «Физика», «Тағам дайындау технологиясы», «1С:Бухгалтерия», «Жануарлар анатомиясы мен физиологиясы», «Мал дәрігерлік хирургия» және т.б. зертханалары жұмыс істейді. «Ветеринария» мамандығының студенттері тәжірибелік сабақтарды жүргізу мақсатында университет «Виварийінде» ірі қара және уақ малдар асырайды.

Колледж 2011 жылы «Turkish Standards Institution» мекемесінің сапа менеджменті жүйесі сертификатына ие болды.