Дүйсенбi | 14 қаңтар, 2019 ж.

Дене тәрбиесі және спорт

Дене тәрбиесі және спорт

  • Мамандық атауы:
  • 0103000- «Дене тәрбиесі және спорт»
  • Біліктілігі:
  • 0103033- «Спорт жаттықтырушысы -оқытушы»
  • Оқу мерзімі:
  • 9 сыныптан соң 3 жыл 10 ай
    11 сыныптан соң 2 жыл 10 ай
Директор

Мамандық сипаттамасы

«Дене шынықтыру және спорт» мамандығын бітірген түлектер әр түрлі оқу және спорттық оқу мекемелерінде дене шынықтыру ұжымдарында, балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінде және сабақтан тыс уақытта спорт клубтарында дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын ұйымдастырады. Дене шынықтыру және спорт бойынша бакалаврдың кәсіби қызметінің мазмұны дене шынықтыру мен спорт саласындағы келесі бағыттардан тұрады: педагогикалық (білімдік); жаттықтырушылық (спорттық); ұйымдастыру-басқарушылық; өндірістік-технологиялық; сервистік; жобалық; тәжірибелік -зерттеушілік; дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми-зерттеулерден тұрады.

Түлек игеруі тиіс:

«Дене шынықтыру және спорт» мамандығының негізі қызметі келесі функцияларға байланысты: дене шынықтыру мен дене тәрбиесі мұғалімі ретінде тәрбиелік, білімділік және сауықтыру жұмыстарымен; жаттықтырушы ретінде спорт түрлері бойынша мектепке дейінгі және мектептегі оқу мекемелерінде секция жұмыстарын ұйымдастырумен; жаттықтыру процесін ғылыми тұрғыдан негізделген әдіс тәсілдермен қамтамасыз етумен; спорттық дайындықты тиімді басқару және түрлі біліктілік дәрежесіндегі спортшылардың нәтижелерімен; ұйымдастыру қызметі дене шынықтыру мен спорт бойынша оқу орындарында, басқа мекемелерде, клубтарда спорттық мерекелік шараларды өткізумен және жарыстарға төрешілік жасаумен.

  • Түлек білуі тиіс:
  • тұлғаның дене шынықтыруы мен салауатты өмір салтын қалыптастыруы саласында ағарту жұмыстарын жүргізу;
  • дене дамуын жан – жақты оңтайландыру мен жарасылымдылығын, рухани байлығын, ҚР азаматтарына, Отанға деген сүйіспеншілігі мен беріктігін тәрбиелеуді қалыптастыру;
  • дене күші, ерік қасиеттерін, дене жұмысына қабілеттілігі деңгейін, дене жетілдіру мен жоғары спорт нәтижесіне қол жеткізу мақсатында қозғалу қабілетінің жеке қорын, біліктілігі мен дағдысын арттыру;
  • тиімді бейімдену арқылы ағзаның қор мүмкіндіктерін, сыртқы орта факторларын (температураның жоғарылауы мен төмендеуі, орта, жоғары тау жағдайлары және т.б), өмір сүрудің жеке тәртібін талапқа сай оңтайландыру мүмкіндіктерін арттыру;
  • спортшыларды дайындауды басқару және ағза бейімділігінің тетіктерін спорттық нәтижелер арқылы үзіп алмай, жоспарлау, мақсатты түрде ғылыми негіздеу;
  • денсаулықты көп жыл бойы сақтау және нығайту, тұрғындарды дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға, жұмылдыру, еңбек пен күнделікті өмірде қажетті қозғалыс дағдыларын дамыту.