Дүйсенбi | 14 қаңтар, 2019 ж.

Есептеу теникасы және бағдарламамен қамтамасыздандыру

Есептеу теникасы және бағдарламамен қамтамасыздандыру

  • Мамандық атауы:
  • 1304000 - «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыздандыру»
  • Біліктілігі:
  • 1304043 - «Техник бағдарламашы»
  • Оқу мерзімі:
  • 9 сыныптан соң 3 жыл 10 ай
    11 сыныптан соң 2 жыл10ай
  • Біліктілігі:
  • 1304012 - «Электронды есептеу машиналарының операторы»
  • Оқу мерзімі:
  • 9 сыныптан соң 2 жыл 10 ай
    11 сыныптан соң 1 жыл 10 ай

Мамандық сипаттамасы

ІТ саласы бүгінде тұрақты дамып келе жатқан сала. Компаниялар санының қаулап өсуімен қатар білікті – техникалық мамандарға деген сұраныс артып келеді. «Ақпараттық технологиялар» мамандығы компаниялар мен компьютерлік жүйелер мен жұмыс істейтін мамандар дайындайды. Оқушылар алгоритимдермен жұмыс жасауды үйренеді, бағдарламалаудың негіздерін оқып –уйренеді.Колледжді аяқтағаннан кейін бағдарламалық қамтамасыз ету саласында тестер ретінде түлектерді қызметке алады. Мұндай мамандар дайын бағдарламалардың қателікері мен кемшіліктерін түзетеді. «Ақпараттық технологиялар»- іс жүзінде барлық салада сұранысқа ие мамандық. Өнеркәсіп, банк ісі, білім, сауда, мүлік- осы салалардың барлығында ортақ жүйелер базасы, оларды іске қосып жұмыс істететін, жобалайтын – техник мамандар. .Әр түрлі салаларда жүйелер өзіндік ерекшеліктерге толы, сондықтан да сауда, тамақтану саласында бұл сала мамандарына сұраныс бар. Техникалық және кәсіптік- техникалық білім сіздерге кәсіби шыңдарға шығу мүмкіндіктерін ашады. Колледж түлектері Жоғары оқу орындарында қысқартылған оқу нысанда білімін жетілдіре алады.

  • Түлек жасай білуі керек:
  • Бағдарламалық қамтамасыз етуді және аппараттық қамтамасыз етуді жобалау;
  • Жобалық-техникалық құжаттаманы әзірлеу және орындау;
  • Компьютерлік жүйелер мен желілерді орнату және реттеу, тестілеу және пайдалануға енгізу;
  • Заманауи құралдарды пайдалана отырып бағдарламалық жасақтама жасау;
  • Бағдарламалық өнімдердің сапасын бақылау және бағалау;
  • Компьютерлерді, перифериялық жабдықтарды және бағдарламалық қамтамасыз етуді түзету, реттеу, түзету және сынақтан өткізу;
  • Бағдарламалар мен бағдарламалық қамтамасыз ету жүйелерін қолдау;
  • Бағдарламалық өнімдерді сүйемелдеу;
  • Ақпаратты өңдеу және басқару үшін компьютерлік жүйелерді сервистік қызмет көрсету.
Директор
  • Түлек жұмыс жасай алады:
  • Банктарда, банктік және биржалық компьютерлік бағдарламаларды әзірлеу мен қызмет көрсету;
  • Өндірісті басқару мен жоспарлаудың автоматтандырылған жүйесін құрай отырып, тұтастай сала мен жекелеген мекемелерді басқару;
  • Ақпараттық анықтамалық жүйелер мен көпшілік қызмет көрсету жүйелеріне кәсіпорындар мен мекемелерде қызмет көрсету мен әзірлеу;
  • Компьютерлер мен ұйымдастыру техникасын диагностикалау мен жөндеу бойынша сервис орталығы;
  • Мемлекеттік және акционерлік кәсіпорындар;
  • Баспа орталықтары мен жарнама агенттіліктері;
  • Бұқаралық ақпарат құралдары;
  • Банкілер мен басқа қаржылық құрылымдар;
  • Конструкторлық және басқа ғылыми орталықтары;
  • Мемлекеттік басқару органдары;
  • Бітірушілер келесі лауазымдарда жұмыс істей алады:
  • Бағдарламалық қамтамасыздандыру инженері
  • Веб-шебері
  • Бағдарламашы (компьютер жағынан)
  • Бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуші
  • Бағдарламалық қамтамасыздандыруды қолдау жөніндегі маман
  • Дерекқор әкімшісі
  • Деректер базасының инженері
  • Жүйелік инженер
  • Техникалық кеңесші