Дүйсенбi | 14 қаңтар, 2019 ж.

Ветеринария

Ветеринария

  • Мамандық атауы:
  • 1513000- «Ветеринария»
  • Біліктілігі:
  • «Ветеринарлық- техник»
  • Оқу мерзімі:
  • 9 сыныптан соң 3 жыл 10 ай
    11 сыныптан соң 2 жыл 10 ай

Мамандық сипаттамасы

Ауылшаруашылық малдарының ауруларын емдеу және олармен күресу шараларымен айналысады

Кәсіби іс - әрекеттің объектілері:

Ауруларды диагностикалау, дифференциалды диагностикалау, емдеу және алдын алу шараларын жүргізу; жануарлар, құстар және балықтардың өлу себебі туралы постморталды зерттеу және қорытынды беру, патологиялық – анатомиялық жару хаттамасын құрастыру; медико–техникалық аппаратураны, құрал–жабдықтарын, аспаптарды дұрыс пайдалану, оқыту және тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу (жүйелі, пәндік ерекше құзыреттілік).

«Бөрте», «ВЕТ-ОМИР», «Түркістан қалалық ветеринарлық қызметі» мекемелерімен тәжірибе алмаса аламыз.

  • Түлек білуі керек:
  • Әр түрлі меншік формасымен бағыттағы шаруашылықтарда жануарлардың,құс және балықтардың жұқпалы,жұқпалы емес ауруларын алдын алу және емдеу жүргізу;
  • Адам және жануарларға жалпы ауруларды ескеру (антропозооноздар);
  • Өлексе және ауру мал арқылы берілетін ауру қоздырушыларынан қоршаған ортаны қорғау.
Директор
  • Түлек жасай білуі керек:
  • Жануарлар мүшелер жүйесінің және мүшелер қызметінің функционалды және морфологиялық өзгерулерін анықтауды;
  • Диспансеризация жүргізу және профилактикалық шараларды ұйымдастыруды;
  • Инфекциялық және инвазиялық ауруларды анықтау және паразиттерге қарсы шаралар жүргізуді;
  • Жануарларды тынышсыздандыру, жансыздандыру, инекцияны, тесуді, дәрі құюды жүргізуді;
  • Асыл тұқымды мал шаруашылығында және жануарды қолдан ұрықтандыру нысандарында жұмысты ұйымдастыруды;