Дүйсенбi | 14 қаңтар, 2019 ж.

Есептеу теникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру

Есептеу теникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру бөлімшесі

Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан үшін ең негізгі басымдықтың бірі - білім. Қазіргі таңдағы егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді, ізденімпаз жастарға байланысты. Қазіргі білім берудегі басты мақсат - жас ұрпақтың білім деңгейін көтеру және жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру.“Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыздандыру” бөлімшесінің негізгі мақсаты заман талабына сай білім беру студенттердің адамгершілік, интеллектуальдық дамуына үлес қосу, білімін қамтамасыз етуге бағытталған оқытудың үрдісін қадағалу. Сондықтан да бөлімше оқытушылары студенттерге мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкес терең теориялық білім беруге, пәндер бойынша дағдылануларына бағытталған жұмыстарды терең атқарып отыр. Бөлімшені І санатты, магистр оқытушы Керімбек Іңкәр Уәлиханқызы басқарады. Бөлімшеде барлығы 20 оқытушы қызметкер жұмыс істейді:

  • Жоғарғы санатты оқытушы - 3
  • Магистр оқытушы - 2
  • І санатты оқытушы - 4
  • ІІ санатты оқытушы - 5
  • Оқытушы - 5
  • Лобарант - 1

Бөлімшеде 2 мамандық бойынша білім алады

Бөлімше құрылымы:

Бөлімшеде 2 пәндік (циклдік) комиссиясы жұмыс жасайды

Баршамызға белгілі, жаңа өмірге бейімделе қоймаған жастарымыз мектептен басқа оқу ортасына түсіп, жаңа ортаға үйреніп, үлкен өмір жолы мен жаңа кәсіпке бейімделуде талай белес күтіп тұрғанын бірі білсе, бірі толық игере алмай жатады. Осы жағдайда, білімгерлерді тәжірибелі мамандар мен оқытушылар дұрыс жол көрсетіп, жаңа ортаға бейімдейді. Сапалы білім мен саналы тәрбие беруде бөлімше топтарына тәлімгерлер тағайындалады:

Топ атауы Топ тәлімгері
ЕТБ-0918 Үмбеталиева Айгерім
ЭЕМ-0918 Мәмбетова Бақытжамал
ЕТБ-1118 Жұманова Мөлдір
ЕТБ-0917 Балтабаева Замира
ЕТБ-0916 Юсупов Суражбек
ЕТБ-0915 Орынбасарова Ардақ
КДН-1117 Қынабаев Серік
КДН-1116 Шаймерденова Айгерім
КДН-0915 Шаймерденова Айгерім
КДН-0916 Диметова Нулифар
  • Студенттер әр түрлі олимпиядаларға, ғылыми және бизнес-жобалар байқауларына, спорттық жарыстарға және шығармашылық іс-шараларға белсенді қатысады:
  • Астана қ. Оқыту және дамыту орталығы «IT ғаламшар» атты Республикалық ғылыми жұмыстар конкурсында Жұманова Мөлдірдің жетекшілігімен Ержанов Әбдіқадір(І орын) және Жайлау Ақерке(ІІ орын) 1-2 орын иеленді.
  • Астана қаласындағы Оқыту және дамыту орталығы «IT ғаламшар» атты Республикалық ғылыми жұмыстар конкурсында Мәмбетова Бақытжамал жетекшілігімен Нарымбетов Мұрат және Халилаева Ақерке жетекшілігімен Нұрмаханбетов Бағдаулет ІІ орын иеленді.
  • МКҚК «Түркістан медицина колледжі» ұйымдастырған «ONLINE» жүйесіндегі «Күйзеліс:әлеуметтік cалдары мен оны жеңу жолдары» атты студенттердің Республикалық ғылыми-ізденіс конференциясында психология пән оқытушысы Есмұрзаев Нұржанның жетекшілігімен ТКТ-1115 тобының оқушылары Сагимбаева Улбосин және Абдуллаева Насиба өз ғылыми жобаларын қорғады.
  • Алматы қаласындағы «Лидер kz» Халықаралық интеллектуалды білім орталығының ұйымдастыруымен өткен қазақстан тарихы пәні бойынша пән оқытушысы Жорабекова Нуриланың жетекшілігімен қашықтықтан өткен олимпиадада Нурдулла Арай(І дәрежелі), Дүйсенбай Азамат(І дәрежелі диплом), Нурдулла Нұрай(ІІ дәржелі диплом), Әлімжан Жанайдар(ІІ дәрежелі диплом), Арыстанов Ғалым(ІІ дәрежелі) оқушылар жүлделі орындарға ие болды.

Бөлімшеде әдістемелік жұмыстардың сапасын көтеру мақсатында ұжымдық оқыту, мәселелі бағытталған, ақпараттық және жаңа технологияларды пайдаланып ашық сабақтар, сабақтан тыс іс шаралар және топ тәлімгерлері жетекшілік ететін топтарда тәрбие сапасын жақсарту мақсатында ашық тәрбие сағаттарын өткізуде:

Оқу жылы Ашық сабақ Сабақтан тыс іс шара Ашық тәрбие сағаты
2015-2016 жж. 25 13 6
2016-2017 жж. 25 18 6
2017-2018 жж. 27 21 7
  • Нәтижесінде:
  • Астана қаласында Техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Болашақ бүгіннен басталады» атты республикалық байқауына М.Жұманова «Win RAR архивтік бағдарламаны пайдалану» тақырыбындағы ашық сабағын жолдап, нәтижесінде «Презентация» номинациясымен және сертификатпен марапатталды.
  • Астана қаласында Жалпы орта, техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарының педагогтарына арналған қашықтықтан өткізілген «Менің педагогикалық ұстанымым» байқауына М.Жұманова «Нтмl тілінде «Кестелер тұрғызу» тақырыбындағы ашық сабағын жолдап, нәтижесінде ІІІ орын иегері және «Үздік ашық сабақ» номинациясымен марапатталды.
  • Астана «Компьютерлік технологияның қолдануымен өтізілген үздік сабақ» атты республикалық оқытушылар сайысына А.Умбеталиева «Тұрақты электр тогы, ток күші» тақырыбындағы ашық сабағын жолдап, нәтижесінде І орын иегері атанды.

Бөлімше оқытушылары республикалық, облыстық жергілікті баспасөз беттерінде мақалалар жариялап тұрады.

Оқу жылы Мақала саны
2015-2016 жж. 14
2016-2017 жж. 24
2017-2018 жж. 27

«Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыздандыру» бөлімшесіне қарасты кабинеттер және зертханалар:

Кабинет номері Кабинет атауы Жауапты тұлға
201 Физика және математика Үмбеталиева Айгерім
114 Телекоммуникация мен желілер зертханасы Жұманова Мөлдір
113 Информатика мен есептеу техникасы негіздері зертханасы Мәмбетова Бақытжамал
107 Микропроцессордағы техника негіздері зертханасы Орынбасарова Ардақ
301А Кескіндеме Диметова Нулифар
301В Тігін шеберханасы Диметова Нулифар
303 Сурет Қынабаев Серік
207 Қазақстан тарихы Жорабекова Нурила
210 Педагогика Шәмшат Толқын