Дүйсенбi | 14 қаңтар, 2019 ж.

Жатақхана

Жатақхана

Алыс жақын аудандардан келген студенттер осы жатақханаға орналасады. Студенттердің жатақханаларға орналасуына, алаңсыз оқуына қажетті жағдайлар жасалған. Жатақханада қазіргі заманның талаптарына сай ғаламтор желілеріне қосылған. Мұндағы кітапхана, оқу залы, буфет, жаттығу залы, кір жуу бөлмелері, жиналыс өткізетін бөлмелер студенттерге қызмет жасайды. Жатақхана ғимараты жанында жазғы спорттық кешендер және футбол алаңдары бар.

  • Жатақханадағы студенттердің негізгі міндеттері:
  • Болашақ мамандардың адамгершілік, эстетикалық жағынан дамуын қамтамасыз ететін қажетті тұрмыстық жағдайлар жасау, жоғары этикалық көзқарастар қалыптастыру;
  • Студенттерді салауатты өмір салты ережелерін білуге баулу;
  • Жатақханаға білім алушыларының орналасуына көмектесу;
  • Тұрғындардың су, энергия көздерін үнемдеп жұмсалуын бақылап отыру;
  • Жатақханада тазалықты қадағалау;
  • Оқу орны басшылары мен топ жетекшілерімен тығыз байланыста болу;
  • Тәрбие процесін жоспарлауға, ұйымдастыруға бақылау жасау.

Жатақхана тұрғындарының құқықтары: 1. Тұрмыстық бөлмелерді, жуынатын бөлмені, оқу залын және басқа да ортақ қолданылатын бөлмелерді еркін қолдануға; 2. Қолдануға жарамайтын құрылғыларды, жиһаз, төсек-орын жабдықтарын және студенттер үйінің басқа заттарын уақытымен ауыстыруға өтініш білдіруге; 3. Студенттер үйінде тұратындардың барлық мәселелерін шешу мақсатында арнайы студенттік өзін-өзі басқару ұйымының жоғары кеңесін құруға және тілек, ұсыныстар айтуға.

  • Жатақхана тұрғындарының міндеттері:
  • Қоғамдық мүліктерді ұқыпты сақтауға, бөлмелерді таза ұстауға;
  • Электр энергиясын, су көздерін ұқыпты, үнеммен пайдалануға;
  • Техникалық өрт қауіпсіздігін сақтауға;
  • Ішкі тәртіп ережесін қатаң сақтауға;
  • Студенттер үйі ғимаратын, құрылғыларын және басқа инвентарларды ұқыпты ұстауға және сақтауға;
  • Студенттер үйі қызметкерлерінің талаптарын орындауға.