Жаңалықтар
Хабарландыру!!!
20.01.2021
Мемлекеттік тапсырыс негізінде оқитын топтардағы бос орындарға сабақ үлгерімі жақсы нәтиже көрсеткен төмендегі ақылы топтағы оқушылар арасынан үміткерлер іріктелді. Іріктелген үміткерлердің үлгерім нәтижесі педагогикалық кеңесте сарапқа салынып, таңдалған оқушыға бюджет тобына ауыстыру туралы шешім шығарылады.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
31.12.2020
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 29 жылдығына орай ұйымдастырылған жастарды отансүйгіштікке баулу, ұлттық рухта тәрбиелеу және патриоттық әндерді дамыту мақсатында «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің студенттері арасында «Бабалар аманаты-Тәуелсіздік» онлайн патриоттық әндер байқауында I - орын - ЕТБ-0920-1 тобының студенті Нұржан Дана, ІІ - орын - ЕТБ-1118 тобының студенті Өсербай Мұхит, ІІІ - орын - ЕТБ-0919-1 тобының студенті Әбен Мейірланбек иеленді! Байқауға қатысқан басқа студенттер алғыс хатпен марапатталды. Жеңістеріңіз құтты болсын!!!!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
30.12.2020
Білім беру сапасының артуына қосқан жеке үлесі үшін мереке қарсаңында оқу ордамыздың білікті ұстазы, директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары А. ЕСЕНҚҰЛОВА Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің АЛҒЫС ХАТЫНА ие болды. Құттықтаймыз!
Пайдалы сілтемелер