Дүйсенбi | 14 қаңтар, 2019 ж.

Жаңалықтар

Жаңалықтар

"Yassaui eriktileri" волонтерлік тобының короновирустың алдын-алу мақсатында жасаған жұмыстарынан бейнеүзінді.

21.03.2020

#BIZBIRGEMIZ Бүгін оқу орнымыздағы "Yassaui eriktileri" волонтерлық тобының мүшелері қала тұрғындары мен қонақтары жиі серуендейтін «Арбат алаңы» мен «Жеңіс» саябағында аялдамалар мен қоғамдық көліктерде қала тұрғындарына коронавирустың алдын алуға байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, коронавирустан сақтану ережелері туралы ақпараттық парақшалар мен өз қолдарымен тіккен маскаларын тарқатты. #Tayk #Яссауи #nocovid19 #Turkistan #Ясауиколледж #Яссы #Kazakhstan

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы

19.03.2020

Қазақ руханиятының басты тұлғасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай оқу орнымыздың студенттері ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқыды. #Abai175 #Challenge #Abai #Turkistan #Tayk #Яссы #Ясауиколледж #Абай #175 #News #Nauryzonlain2020 #Turkistankorkemsoz

«Тәуелсіздік» челленджі

12.12.2019

Ширек ғасырдан асқан егемендігіміз, тұғырлы Тәуелсіздігіміз – бүгінгі ұрпақтың маңдайына біткен бақыты. Ендеше, сол бақытты еселей түсу, замана көшіне ілестіру – «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің жас студенттерімен ұстаздар қауымының – азаматтық борышы. Патриоттық ізгілікке тәрбиелейтін, ұлттық мақтаныш сезімін оятатын «Мен Қазақпын» әнін орындау – елін шексіз сүйер әр азаматтың міндеті. «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің белсенді жастары барша қазақстандықтарды ҚР Тәуелсіздігінің 28 жылдық мерекесімен құттықтай отырып, «Тәуелсіздік» челленджін облысымыздың барша отаншыл жастарына жолдайды! #Тәуелсіздік #Түркістан #Challenge #28Жыл #TAYKK #ЯссыКолледж #Ахмет #ЯсауиКолледж

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Аккредиттеудің Тәуелсіз Қазақстандық Орталығы тарапынан (АТҚО) институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өтуде

04.03.2020

«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі 2020 жылдың 2-6 наурыз аралығында Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Аккредиттеудің Тәуелсіз Қазақстандық Орталығы тарапынан (АТҚО) институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өтуде. Орталық сарапшылары бұл күндері оқу орнының материалдық техникалық базасын, білім беру процесін, құжаттама айналымын, оқу-әдістемелік және тәрбие беру бағытындағы іс-шаралар кешенімен танысуда. Сонымен қатар, жұмыс берушілермен, оқу орнының түлектерімен,студенттермен және оқытушылар құрамымен сұхбаттасып, олардың пікірі мен ұсыныстарын қарастырады. #TAYK #ЯССЫ #САПА #БІЛІМ #Аккредитация

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРДЫҢ БІРІ ОҚУ ОРНЫМЫЗДЫҢ СТУДЕНТІНДЕ!

25.02.2020

☑"REGIONSKILLS- 2020"-дағы ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРДЫҢ БІРІ ОҚУ ОРНЫМЫЗДЫҢ СТУДЕНТІНДЕ!🥈 ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН «КОНДИТЕР » ҚҰЗІРЕТТІЛІГІ БОЙЫНША "REGIONSKILLS- 2020" ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНДА ЖЕҢІПАЗ АТАНЫП II-ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМДЫ ИЕЛЕНГЕН КОЛЛЕДЖІМІЗДІҢ СТУДЕНТІ НУРДУЛЛА АРАЙ ЖАНБОЛАТҚЫЗЫН, ЖЕТЕКШІСІ ҚОЯПОВ ДӘУРЕН МЫРЗАНЫ ЖЕҢІСІМЕН БАРША КОЛЛЕДЖ ҰЖЫМЫМЕН СТУДЕНТТЕРІНІҢ АТЫНАН ҚҰТТЫҚТАЙ ОТЫРЫП, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАБЫСТАР ТІЛЕЙМІЗ!💯 #ЖЕҢІС #ЯССЫ #Tayknews #Tayk #Yassaui #Knowledge #знание #колледж #Яссауи

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

21.02.2020

ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН «ГРАФИКАЛЫҚ ДИЗАЙН » ҚҰЗІРЕТТІЛІГІ БОЙЫНША " REGIONSKILLS- 2020" ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНЫП I-ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМДЫ ИЕЛЕНГЕН КОЛЛЕДЖІМІЗДІҢ СТУДЕНТІ ЮСУПОВ СУХРОБ АЛЛАКУЛИҰЛЫН ЖЕҢІСІМЕН БАРША КОЛЛЕДЖ ҰЖЫМЫМЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ АТЫНАН #ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! #ЖЕҢІС #ЯССЫ #Tayknews #Tayk #Yassaui #Knowledge #знание #колледж #Яссауи

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

17.02.2020

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ПӘН ОҚЫТУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН «ҮЗДІК БАҒДАРЛАМАШЫ-2020» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНЫП I-ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМДЫ ИЕЛЕНГЕН КОЛЛЕДЖІМІЗДІҢ ОҚЫТУШЫСЫ БАЙМУРЗАЕВ БОРАНБЕК ОРАЛБЕКҰЛЫН ЖЕҢІСІМЕН БАРША КОЛЛЕДЖ ҰЖЫМЫ АТЫНАН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

"Жануарды инновациялық әдіспен ұрықтандыру" тақырыбында сабақтан тыс семинар өткізілді

08.02.2020

Колледждің "Ветеринария" мамандығының студенттеріне "Ветеринария" құзыреттілігі бойынша "Жануарды инновациялық әдіспен ұрықтандыру" тақырыбында сабақтан тыс семинар өткізілді. Тәжірибе алмасу мақсатында қонақта "Түркістан қалалық ветеринария қызметі" бөлімінің маманы Мақұлбек Бимұхаммед қолдан ұрықтандыру жұмыстарын тәжірбие барысында көрсетіп,мамандықты игерудегі тәжірбиенің маңыздылығын түсіндірді.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

«ВЕТЕРИНАРИЯ» МАМАНДЫҒЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДЕ ISCAN СКАНЕР УЗИ АППАРАТЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ

04.02.2020

Оқу орнымыздың «ВЕТЕРИНАРИЯ» мамандығының студенттеріне ықшамды электронды зондты iScan сканер УЗИ аппаратын оқу процесінде қолдану арқылы ірі жануарлардың диагнозының дәлдігіне кепілдік беретін айқын суретті көруге, күшті және берік корпус iScan-ның ең күрделі дала жағдайында жұмыс істеу қабілетін қолдануға және желілік электрондық зондтың қолданылуы мүмкін тексерудің басқа да түрлерін пайдаланып, мол тәжірбие жинауға мүмкіндіктер береді. iScan сканер УЗИ аппаратын студенттер оқу процесі барысында қолдану арқылы: биелер мен сиырлардың өсімін диагностикалауды, жылқылардағы сіңірлер мен көз алмасын тексеруді үйрене алады

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

"Ауыл шаруашылық өнімдерін ветеринариялық- санитариялық сараптау" тақырыбында сабақтан тыс семинар өтті

01.02.2020

Колледждің Аграрлық бөлімше оқытушыларының ұйымдастыруымен "Ветеринария" мамандығы бойынша "Ауыл шаруашылық өнімдерін ветеринариялық- санитариялық сараптау" тақырыбында сабақтан тыс семинар өтті.Тәжірибе алмасу мақсатында қонақта "Түркістан қалалық зертханасының" мамандары Үсенбаева Гүлнар және Дүйсек Бекзат қатысып, сүт өнімдерін тексеру, жұмыртқаны овоскопта зерттеу, ет өнімдеріне әр түрлі ауруларға тексеру жұмыстарын жүргізуді көрсетті.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

25.01.2020

Халықаралық қазақ-түрік университетінде жыл сайын өтетін дәстүрлі факультетаралық спартиакада өтті. Оқу орны ұжымының денсаулығын нығайту, спорттық шеберлігін шыңдау және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған спорт сайысында «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің оқытушылар командасы бас жүлдеге ие болды. Спорттың волейбол, баскетбол, арқан тарту, эстафета, қол күрес сияқты 5 түрінен өткен сайысқа 9 команда қатысқан. Аталған сайыста оқ бойы оза шауып, үздік жетістіктерге қол жеткізген колледж оқытушыларын жеңістерімен құттықтаймыз!

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУДЫ ЖАНЫ СҮЙЕТІН ЖАНДАР

17.01.2020

Жүректерінде мейірім оты жалындаған, жақсылықпен қайырымыдылық жасауды жаны сүйетін «YASSAUI» еріктілер тобы және колледжіміздің жасотандық белсенділері қаламыздағы «Шапағат» мүгедектердің қайырымдылық үйіне барып, мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғамның қамқорлығын сезіндірді.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

«YASSAUI» ЕРІКТІЛЕРІ ЭСТАФЕТАНЫ ЖАЛҒАСТЫРУДА

16.01.2020

Мейірімділік – адамның өзге біреуге жылылығын,ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде мейірімділік адамдар арасындағы адамгершілік, ізгілік пен ізеттілік имандылық пен инабаттылық секілді асыл қасиеттермен үндестік тапқан. Дәл осы қасиеттерді бойына сіңіруді мақсат тұтқан «YASSAUI» еріктілер тобы қайырымды істі жалғастыру мақсатында Түркістан қаласының көшелерін таңнан бастап тазартушы қызметкерлерге таңғы аспен ыстық шай тарқатты. Қызметкерлердің жұмысына құлшыныспен көмектескен еріктілер, қаланың тазалық жұмыстарына үлес қосқанына дән риза.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

ҚУАНЫШ СЫЙЛАУҒА АСЫҚҚАН ЕРІКТІЛЕР!

15.01.2020

Елбасы бір сөзінде: «Тәуелсіздікті баян ету аңсар мұратымыз, өтпелі шақтағы қиындықты жеңу азаматтық міндетіміз, ал тұрмысы төмен азаматтарға, ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларға қолдау көрсету адамгершілік парымыз» деген. Осындай мақсатта студенттер «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің ер еріктілері Қайырымдылық жәрмеңкесін жасап оқу орнындағы «YASSAUI» еріктілер тобы және «Ізгілік елшілері» Арыс қаласындағы Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар үйіне барып, бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады. Еріктілер арнайы балалар үшін сыйлықтарымен қоса өз қолдарымен тәтті пісіріп, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін түрлі қойылымдар жасаған. Еріктілерді қуана қарсы алған бүлдіршіндерде өздерінің өнерлерін көрсетіп мәз-мейрам! Жүректерінде мейірім оты жалындаған, жақсылықпен қайырымыдылық жасауды мақсат тұтқан еріктілер әр баланың жүрегіне қуаныш сыйлағанына дән риза!

Жаңалық

Жаңа жыл құтты болсын!

31.12.2019

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

«Шебер қолдар» көрмесі өтті

24.12.2019

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында колледждің оқытушысы Айгерім Шаймерденованың ұйымдастыруымен «Дизайн» мамандығының студенттері «Шебер қолдар» көрмесін көрсетті. Көрмеде изонит әдісінде, бейнелеу өнерінің графика жанрында, біз кестемен және айқас кестемен жасалған туындылар бар. Орындалу техникасының алуан-түрлілігімен таң қалдырған көрме оқытушылармен студенттерді үлкен әсерге бөледі деп ойлаймыз

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

ТҰҒЫРЫ БИІК ТӘУЕЛСІЗДІК

14.12.2019

Бүгін "Түркістан Ахмет Ясауи" кәсіби колледжінде 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздігінің 28-жылдығына орай"Тұғыры-биік Тәуелсіздік" атты мерекелік іс-шара өтті. Аталған іс-шарада колледжіміздің үздік оқытушыларымен студенттері қала әкімі Рашид Аюповтың және облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рахымбек Жолаевтың, колледж директоры Алтынбек Кенжалиевтің алғыс хаттарымен марапатталды!

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

13.12.2019

ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ АРАСЫНДА ӨТКЕН ВОЛЕЙБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ САЙЫСТА «ТҮРКІСТАН АХМЕТ ЯСАУИ КӘСІБИ» КОЛЛЕДЖІНІҢ ҚОС БІРДЕЙ КОМАНДАСЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ. Желтоқсан айының 9-12 жұлдыздары аралығында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында өткен волейболдан облыстық сайыста колледжіміздің ұлдар және қыздар командасы үздік ойын көрсетіп, жеңіске жетті! Сайысқа қатысқан колледж құрамасын және жетекшілерін жеңісімен құттықтаймыз! Жеңісті күндеріңіз көп болсын!

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

«МЕЙІРІМДІЛІК-ЖЫЛЫ ЖҮРЕКТЕН» АТТЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

05.12.2019

Бүгін «Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби» колледжінің Аграрлық бөлімшесінің ұйымдастыруымен «МЕЙІРІМДІЛІК-ЖЫЛЫ ЖҮРЕКТЕН» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Аталған жәрмеңкеге «Тамақтандыру кәсіпорындарының өнім өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру» мамандығының студенттері өздерінің жасаған тағамдарын жәрмеңкеге қойып, жиналған қаражатты көмекке мұқтаж жандарға беруді жоспарлап отыр.Бірлігі жарасқан ұжым, мейірімді студенттер бүгінгі күндерін қайырымдылыққа арнады.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

«Заманауи Қазақстан.Елбасының көшбасшылық сабақтары» атты жалпы республикалық ашық сабақ

03.12.2019

«Заманауи Қазақстан Елбасының көшбасшылық сабақтары» атты жалпы республикалық ашық сабақ аясында профессор, ҚР Құрметті спорт қайраткері, ҚР спорт шебері Абдиллаев Абдықалық Көшербайұлы және профессор, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Қасымбеков Жақыпбек Айдарбекұлымен кездесу өтті

Жаңалық

"1 желтоқсан-Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті" күні мерекесі құтты болсын!

01.12.2019

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

«1-ЖЕЛТОҚСАН ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ КІТАП КӨРМЕСІ ӨТТІ

30.11.2019

Бүгін «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде «1-желтоқсан ҚР Тұңғыш Президент» күніне орай "Елбасы-ел тірегі!" тақырыбында Елбасы кітаптарының көрмесі өтті. Танымдық шарада Елбасының балалық шағынан бастап бүгінгі күнге дейінгі өмірі мен ел жетістіктері студенттер назарына ұсынылды. Кітап көрмесінің мақсаты – қоғамда еліміздің Тұңғыш Президент– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мемлекетін құрудағы тарихи рөлін, тәуелсіз мемлекет құрудағы еңбегін өскелең ұрпаққа таныстыру болды

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

«Заманауи Қазақстан Елбасының көшбасшылық сабақтары» атты жалпы республикалық ашық сабақ

22.11.2019

«Заманауи Қазақстан.Елбасының көшбасшылық сабақтары» атты жалпы республикалық ашық сабақ аясында Түркістан облыстық Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Намазбаева Инара Әбдіғаппарқызы және "AN profit" ЖШС-нің директоры, кәсіпкер Бекетов Жумадулла Абдуллаұлымен кездесу өтті

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

Қазақстан Республикасының Халық әртісі, профессор Бекбосынов Қажыбек Құдайбергенұлымен кездесу өтті

19.11.2019

Бүгін «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде, « Заманауи Қазақстан.Елбасының көшбасшылық сабақтары» атты жалпы республикалық ашық сабақ аясында Қазақстан Республикасының Халық әртісі, профессор Бекбосынов Қажыбек Құдайбергенұлымен кездесу өтті

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

«Заманауи Қазақстан Елбасының көшбасшылық сабақтары» атты жалпы республикалық ашық сабақ

15.11.2019

«Заманауи Қазақстан Елбасының көшбасшылық сабақтары» атты жалпы республикалық ашық сабақ аясында Түркістан облысының мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотының төрағасы Қалмағанбетов Қасым Серікұлы және қылмыстық істер жөніндегі соттың бас маманы Абдукаримов Дулат Жаңасылұымен студенттердің кездесуі өтті

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

"Дәрілік заттарды ағзаға енгізу жолдары" атты сабақтан тыс іс-шара өтті!

04.11.2019

Колледждің Аграрлық бөлімшесінің оқытушыларының ұйымдастыруымен "Ветеринария құзіреттілігі" бойынша Ветеринария мамандықтарының арасында "Дәрілік заттарды ағзаға енгізу жолдары" атты сабақтан тыс іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараға "Түркістан қалалық ветеринариялық қызмет" КММ басшысы Байымбетов Уәлихан қатысып, жеңімпаздарға сәттілік тіледі

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

ЖАС ОҚЫТУШЫЛАР АРАСЫНДА СПОРТТЫҚ САЙЫС ӨТТІ!

31.10.2019

Бүгін «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің Гуманитарлық бөлімшесінің ұйымдастыруымен жас оқытушылар арасында спорттық эстафеталық сайыс өтті. Эстафеталық сайыс 4 кезеңнен тұрды. Яғни, жылдамдыққа жүгіру, доппен кедергілерден өту, секірмек арқылы кедергілерден жүгіріп өту және баскетбол добымен шеңберге дәл түсіру. «Толағай» спорттық сайысын өткізудегі негізгі мақсат - жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау. «Спорт-денсаулық кепілі» деген ұранды ұстанған Яссауи колледжінің оқытушылары бүгінгі күнді спортқа арнады

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

"Вупи-Пай" тәтті нанын жасауда шеберлік сағаты өтті

11.10.2019

Колледжде «Тамақтандыру кәсіпорындарының өнім өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру» мамандығының студенттеріне колледжіміздің оқытушысы Қояпов Дәурен "Вупи-Пай" тәтті нанын жасауда шеберлік сағатын өткізді

Жаңалық Жаңалық

«Орта және шағын бизнесті мемлекеттік қолдау»

03.10.2019

Колледж студенттері «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Түркістан облыстық филиалында «Орта және шағын бизнесті мемлекеттік қолдау» тақырыбындағы семинар-тренингке қатысты. Тренингті "Клиенттермен жұмыс істеу" бөлімінің менеджері, Тулебаева Жанна Мұратқызы жүргізіп, студенттерге кәсіпкерлік саланың ерекшеліктерін таныстырды

Жаңалық Жаңалық

"Тіл – ұлттық белгі, халықтық мұра"

20.09.2019

«Филологиялық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің ұйымдастыруымен студенттердің ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қастерлеуге баулу мақсатында «Тіл – ұлттық белгі, халықтық мұра» атты апталық іс-шарасы басталды. Ашылу салтанатында оқытушылар мен студенттер тақырыпқа сай қойылымдар қойып, үш тілде өлеңдер оқыды. Орыс тілі пәнінің оқытушысы Иван Клименко Т.Молдағалиевтің «Ана тілі» атты өлеңін жатқа оқып, көпшілік көңілінен шықты. Апталық іс-шарада түрлі тақырыптағы тәрбиелік-танымдық сабақтан тыс іс-шаралар ұйымдастырылады. Апталық А.Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абай мұрасы – халық қазынасы» атты әдеби кешпен қорытындыланады.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

"Қазіргі таңдағы адвокаттық қызмет саласындағы негізгі мәселелер" тақырыбында кездесу өтті

17.09.2019

Құқықтану мамандығының студенттері адвокат, ХҚТУ-нің «Әлеуметтік ғылымдар» факультетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы Көшербаева Гулшат Нұрлыбекқызымен "Қазіргі таңдағы адвокаттық қызмет саласындағы негізгі мәселелер" тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында сот жұмысының ашықтығы, адвокаттардың сот процесіндегі статусы ,тараптардың бәсекелестігі мен тең құқықтарының жалпы мәселелері талқыланды. Адвокат Гүлшат Нұрлыбекқызының айтуынша: Осындай кездесулер студенттердің болашақтағы жұмысының оң бастауы болып табылатынын атап өтті.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

«ҚАРА НАН ЖӘНЕ ӨРМЕ НАН» ЖАСАУДАН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ

14.09.2019

Колледжіміздің оқытушысы Мейрамбеков Ерболаттың ұйымдастыруымен WorldSkills байқауының «Наубайшы » құзіреттілігінің талаптарына сәйкес «Қара нан және өрме нан» пісіру жөнінде шеберлік сағаты өтті. Теория мен тәжірбиені ұштастыруды мақсат тұтқан оқытушылар, шеберлік сағаттарын әр апта сайын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

"Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі"

11.09.2019

"Түркістан Ахмет Ясауи" кәсіби колледжінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" тақырыбындағы халыққа жолдауын оқытушылар мен студенттер арасында талқылау өткізілді. Жиынға "Нұротан" партиясының Түркістан қалалық филиалы төрағасының орынбасары А.Темірбаев және университеттің "Тұран" бастауыш партия ұйымының төрағасы Ж.Дәрібаевтар қатысып, колледж ұжымына жолдаудың негізгі бағыттарын, атқарылатын шараларды түсіндірді.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

Адалдық - алаңы

02.09.2019

"Түркістан Ахмет Ясауи" кәсіби колледжінде өткізілген "Адалдық алаңы" іс-шарасына қалалық мәслихат хатшысы Ғаппар Сәрсенбаев, әкімшіліктің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Бақытжан Бөкебаев, облыстық "Жас отан" жастар қанатының төрайымы Жұлдыз Алмасбекқызы, кеңесшісі Қарсыбай Гүлзия, мониторингтік топтың мүшелері қатысты.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ «TRANSPARENCY KAZAKHSTAN» ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІНІҢ КЕЗЕКТІ САБАҒЫ ТҮРКІСТАНДА ӨТТІ

24.07.2019

2019 жылдың 24 шілде күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) «Transparency Kazakhstan» ұйымымен бірлесіп ұйымдастырған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектебінің кезекті дәрісі Түркістан қаласында тұңғыш рет өтті.Іс - шараны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Көшқалиев Хаким Дүйсешұлы ашып, бұл шараның өңірлерде өткізілу маңыздылығына тоқталып өтті.Шара шеңберінде «Transparency Kazakhstan» ҚҚ атқарушы директоры О.Шиян және «Zertteu Research Institute» орталығының өкілі Ғ.Оразымбет сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің Халықаралық және Қазақстандық жүйесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске азаматтық қоғамның қатысуы және бизнестегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарға шолу жасады.Түркістан өңірінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектебінің дәрісіне «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің арнайы пән оқытушысы Сұлтанбек Балауса және ЗҚТ-1118 тобының студенттері Әбдіқадір Заманбек, Әбдірахман Мадина қатысып, сертификаттар алды.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

"Біліктілік арттыру курсы" өткізілді

27.05.2019

2019 жылы мамыр айының 27-31-жұлдызы аралығында «Кәсіпқор» холдинг коммерциялық емес акционерлік қоғамының кәсіптік білім беру орталығының тренері Джаякбаев Мейрбек «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқыту процесіне критериалдық бағалаудың әдістерін енгізу» бағдарламасы бойынша «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің оқытушыларына біліктілікті арттыру курсын өткізді. Курстың соңғы күні оқытушылар өз жобаларын қорғады және "Кәсіпқор" холдингінің сертификаттарына ие болды.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

«Парасаттылық және академиялық адалдық» тақырыбындағы бірыңғай сағаты

14.05.2019

«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде «Парасаттылық және академиялық адалдық» тақырыбынды 350 оқушымен бірыңғай сағат өткізілді. Онда «Адалдық адам бойындағы қасиет» тақырыбында баяндама оқылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары қаралды.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

"WorldSkills - 2019"

25.04.2019

"WorldSkills-2019" облыстық чемпионатында колледжіміздің студенттері Асилтай Ильяс пен Әбітай Ермахан "Мобильді робототехника" құзыреттілігі бойынша I-орынды жеңіп алды. "Web design" құзыреттілігі бойынша Ергешбаев Ғиёсжон III-орынға тұрақтады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды. "Мобильді робототехника" құзыреттілігі бойынша колледжіміздің командасы күзде Республикалық чемпионатта бағын сынайды.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

"WorldSkills" чемпионаты басталды

22.04.2019

Есім хан алаңында техникалық және кәсіптік оқу орындарының арасында ұйымдастырылатын "Worldskills-2019" облыстық сайысының ашылу салтанаты өкізілді. Биылғы жылы облыстық байқауға 35 колледжден түрлі жұмысшы манандықтары бойынша командалар қатысады. "Worldskills-2019" ашылуына орай облыстағы колледждердің қатысуымен көрме ұйымдастырылды. Көрмеде оқу орындарының жетістіктері, практикалық дәрістерде дайындалған бұйымдары, қолданылатын өзық технологиялары көпшілікке ұсынылды. Көрмеде "Түркістан Ахмет Ясауи" кәсіби колледжі "Робототехника", "Тағам өнімдері", "Ветеринария", "Киім дизайны" құзыреттіліктері бойынша қатысты.

Жаңалық Жаңалық

«Жаны саудың – тәні сау» тақырыбындағы баскетболдан топаралық жарыс

19.03.2019

Колледж оқушыларының спортқа деген ынтасын арттыру мақсатында «Жаны саудың – тәні сау» атты баскетболдан топаралық жарыс ұйымдастырылды. Жарыс өте қызықты және тартысты өтіп жеңімпаздар марапатталды.

Жаңалық

Колледж аралық воллейбол жарысы

15.03.2019

Түркістан жоғары медицина колледжінің ұйымдастыруымен өткен Түркістан және Кентау қалаларының колледж студенттері арасында волейбол жарысынан «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің құрамасы І орынға ие болды.

Жаңалық

Колледж аралық воллейбол жарысы

15.03.2019

Түркістан жоғары медицина колледжінің ұйымдастыруымен өткен Түркістан және Кентау қалаларының колледж студенттері арасында волейбол жарысынан «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің құрамасы І орынға ие болды.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

Power Point 2013 бағдарламасы арқылы презентация жасау

13.03.2019

Информатика пәнінің оқытушысы Орынбасарова Ардақ ТКТ-0918 тобына "Power Point 2013 бағдарламасы арқылы презентация жасау" тақырыбында онлайн сабақ өтті. Сабақ барысында Net Control 2 бағдарламасы мен IQ board интерактивті тақтаны, компьютерлік технология әдісін қолдана отырып өз деңгейінде өтті. TrueConf бағдарламасымен онлайн түрде 16 колледж қатысып, чатта өз пікірлерімен бөлісті.

Жаңалық

Өмірбек Тұрарды жеңісімен құттықтаймыз! Өнерің өрге жүзсін!

02.03.2019

Түркістан қаласының сазды-драма театрының негізін қалаушысы – Р.Н.Сейтметовтің туылған күніне орай 2 наурыз күні өткізілген «Р.Н.Сейтметов атындағы өнерлі жастар арасындағы VIII қалалық көркем сөз оқу шеберлерінің байқауына» ЕТБ-0918-1 тобының оқушысы Өмірбек Тұрар қатысып, ІІІ жүлделі орынға ие болды.
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Меруерт Утегенова

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

«Ясауи» мұражайына саяхат

28.02.2019

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына орай «Экономика және құқықтану» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің «Жарқын болашақ – білім әлемінде» атты айлық іс-шарасы аясында арнайы пән оқытушысы Г.Қалдыкөзова колледж студенттерімен бірге Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Ясауи» мұражайына саяхат жасады.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

Тәрбие басы-тал бесік

27.02.2019

"Жарқын болашақ-білім әлемінде" атты айлық іс-шарада "Тәрбие басы-тал бесік" тақырыбында "Есеп және аудит" мамандығының ІІ курс студенттерімен ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Жаңалық Жаңалық

"Буxгалтерлер" клубының іс-шарасы

27.02.2019

"Есеп және аудит" мамандығының 2-3 курс студенттері арасында арнайы пән оқытушылары Ә.Қарлығаш пен Ж.Нишанбекованың ұйымдастыруымен "Буxгалтерлер клубы" сайысы қызықты да тартысты өтті.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

«Дене мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында семинар сабақ өткізілді

26.02.2019

«Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1-курс студенттеріне Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Дене шынықтыру және спорт» факультетінің педагогика мамандығының доценті, ХҚТУ профессоры Әбдиллаев Әбдіқалық Көшербайұлы «Дене мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында семинар сабақ өткізді.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

«Дизайн және этнодизайн» тақырыбында семинар сабақ өткізілді

25.02.2019

«Дизайн» мамандығының студенттеріне Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Өнер» факультеті «Бейнелеу өнері» кафедрасының аға оқытушысы Нұрланова Ұлмира «Дизайн және этнодизайн» тақырыбында семинар сабақ өткізді.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

«Салауатты ұлт – салауатты ұрпақ» атты волейболдан топаралық жарыс

22.02.2019

2019 жыл «Жастар жылы» болып жариялануына байланысты колледж оқушыларының спортқа деген ынтасын арттыру мақсатында «Салауатты ұлт – салауатты ұрпақ» атты волейболдан топаралық жарысқа 29 топ қатысып, жеңімпаздар марапатталды.

Жаңалық

«Адвокаттық қызмет» тақырыбында семинар

19.02.2019

«Құқықтану» мамандығының 2-3-курс студенттеріне Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Құқықтану» факультетінің аға оқытушысы, адвокат Көшербаева Гүлшат Нұрлыбекқызы «Адвокаттық қызмет» тақырыбында семинар өткізді.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

«Белоктардың адам организміндегі маңызы» тақырыбындағы семинар

19.02.2019

2019 жылы ақпан айының 19-жұлдызында «Ветеринария» мамандығының 2-курс студенттеріне Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Стоматология» факультетінің химия ғылымдарының кандидаты, доцент Мамырбекова Айжан Көмекбаевна «Белоктардың адам организміндегі маңызы және амин қышқылдарының құрылысы мен химиялық қасиеттері» тақырыбында дәріс өткізді.

Жаңалық

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес"

08.02.2019

"Жарқын болашақ-білім әлемінде" атты айлық іс-шарада "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес" тақырыбында "Есеп және аудит" мамандығының І курс студенттерімен ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Жаңалық

«Ішкі істер органы, криминология» бөліміне саяхат жасау сәті

07.02.2019

«Құқықтану» мамандығының ЗҚТ-1118 тобының 1-курс студенттері «Жарқын болашақ – білім әлемінде» тақырыбындағы айлық іс-шара жоспарына сәйкес «Ішкі істер органы, криминология» бөліміне саяхат жасау сәті.

Жаңалық

Тарихи сананы жаңғырту

06.02.2019

"Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде атқарылып жатқан іс-шаралар аясында "Гуманитарлық" бөлімшесіне қарасты ЭЕА-0917 тобының студенттері "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейіне саяхат жасады.

Жаңалық

«Ғылыми зерттеу әдістері» тақырыбындағы семинар

05.02.2019

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Мемлекеттік басқару және экономика жоғары мектебінің бағдарлама жетекшісі, PhD С.Т. Баймағанбетов колледждің жас оқытушылары мен студенттеріне «Ғылыми зерттеу әдістері» тақырыбы бойынша семинар өтті.

Жаңалық

Облыстық семинар

04.02.2019

«Құзыреттіліктерге бағытталған модульдік тәсілдеме негізінде жасалған білім бағдарламасына Worldskills чемпионатының критерийлерін кіріктіріп оқу үдерісін ұйымдастыру» тақырыбындағы облыстық семинарға колледждің арнайы пән оқытушылары: Жұлдыз Сулейменова, Ерболат Мейрамбеков және ТКТ-1116 тобының студенті Насиба Абдуллаева қатысты.

Жаңалық

Жеңістеріңізбен құттықтаймыз!

30.01.2019

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын қолдау мақсатында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушы-профессорлар мен қызметкерлері арасындағы факультетаралық спартакиадасында «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің командасы үздік ойын көрсетіп, жалпы командалық есепте І орынға ие болды. Құттықтаймыз!

Жаңалық

Әсерлі кездесу

15.01.2019

Колледжде Манап Көкеновтың 90 жылдығына орай «Сүлейлердің соңғы тұяғы» атты еске алу кеші өткізілді. Салтанатты кешке ақынның ұлы, ҚР мәдениет қайраткері, ақын, композитор Манапов Әбдікерім мен ҚР мәдениет қайраткері, әнші Сауранбек Елеуов қатысты.

Жаңалық

«Ата кәсіпті дамыту – ауқымды міндет»

12.01.2019

Колледжде «Ата кәсіпті дамыту – ауқымды міндет» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өткізілді. Семинарға арнайы шақырылған «Бөрте Милка» ЖШС-нің ветеринар дәрігерлері колледждегі «Ветеринария» мамандығының студенттеріне малдың ішкі ауруларын заманауи технологиялармен анықтау әдістерімен таныстырды. Сонымен қатар, колледж зертханасында ірі қараны колдан ұрықтандыру тәжірибелік сабағын өткізді.